Токиодағы Құрылтай сайлауында отандасымыз би бейнесінде дауыс берді

Бүгін, 04:10 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып біздің отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы - Би бейнесінде келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды.

Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", - деп атап өтті ол.