Сеул мен Токиода Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды

Бүгін, 03:20 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

Құрылтай сайлауына дауыс беруге арналған сайлау учаскелері Оңтүстік Корея мен Жапонияда ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдегі барлық дауыс беру учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде #422 және Токиода #425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.