«Өтінемін, өмір сүрші»: Тележүргізуші Анна Данченко анасының ауыр хәлде жатқанын айтты

Бүгін, 21:38 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасына қатысты әсерлі жазба жариялады. Ол анасын жоғалтудан қорқатынын айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды turkystan.kz

«Анашым, өтінемін, өмір сүрші! Менің қайғымды ешкім және ешқашан түсінбейді. Менің не сезініп жүргенімді де ешкім сезіне алмайды. Анашым – менің өмірім! Менде сенен басқа ешкім жоқ. Сені жоғалтуға дайын емеспін. Анашым, өтінемін, өмір сүрші!» – деп жазды ол.

Сонымен қатар тележүргізуші архивтегі бейнемен бөлісіп, анасына арналған тағы бір әсерлі жазбасын жариялаған.

«Егер сен кетіп қалсаң, мені өзіңмен бірге ала кет. Мен әкем екеуіңе ән айтып беремін. Анашым, маған өте ауыр. Қалшы, өтінемін!» – делінген жазбада.

Айта кетейік, журналист анасының кенеттен ауруханаға түскенін айтып, оқырмандарынан  дұғада болуды сұраған болатын.

«Анам ауруханаға түсіп қалды. Дұғада болыңыздаршы. Мен жолға шықтым. Елге аман-есен жетейін. Жүрегім жарылардай. Алда 22 сағат. Көз жасым тоқтамай тұр», – деп жазды ол.