"Қасиетіңнен айналайын": Медеуге көтерілген 90 жастағы әжейдің арманы орындалды

Бүгін, 20:37 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Медеу мұз айдыны маңындағы денсаулық баспалдағымен көтеріліп бара жатқан 90 жастағы әженің видеосы тарады​​​​​​​, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads желісінде жарияланған кадрларда қарт әйелдің баспалдақпен асықпай, бірақ нық қадаммен жоғары көтеріліп бара жатқаны көрінеді. Видеоны түсірген желі қолданушысы оның жасына қарамастан шаршамай келе жатқанына таңданысын білдірген.

Әжей жолай сәл аялдап, айналаға сүйсіне қарап, көптен бері осы жерді көргісі келгенін айтқан.

"Қасиетіңнен айналайын! Көргім келіп еді, көрдім, міне. Енді төбеге шықсам, арманым жоқ", – дейді ол жанындағы әйелге.

Бір сәт тынығып алған қарт ана таудың таза ауасына сүйсініп, жолын әрі қарай жалғастырған.

Желіде тараған видеода әженің аты-жөні мен қай өңірден келгені туралы мәлімет көрсетілмеген. Оның 90 жаста екені ғана жазылған.

Тэгтер:

видео Әже Медеу