Жамбыл облысында кәсіпорын қызметкерлерінің зейнетақы жарнасы төленбеген

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жуалы ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді , деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау нәтижесінде «Жуалы су» КМК-де қаржылық шығындарды негізсіз жоспарлау салдарынан 168 жұмысшыға 2026 жылғы ақпан-мамыр айлары аралығында жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден астам зейнетақы жарналары, сондай-ақ 3 млн теңгеден астам әлеуметтік аударымдардың төленбегені анықталды. 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Осылайша, Жуалы ауданының прокуратурасы жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын қорғады.

Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда.

Тэгтер:

Жамбыл облысы қызметкер кәсіпорын зейнетақы жарнасы