Атырауда полицей есінен танып қалған әйелді құтқарып қалды

Бүгін, 17:19 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырау қаласындағы маркеттердің бірінде полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы Роман Есмұханов өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйел адамды байқап, бірден көмекке ұмтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған.

Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйел адамның жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.