Құтқарушылар халықаралық автобустың дөңгелегіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылының маңында Сургут - Тәжікстан бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусында дөңгелек жанды. Автобуста Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары болған.
Тежегіш қалыптарының қысылып қалуы салдарынан оң жақ дөңгелек жанған.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін оқиға орнына Белое ауылының «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жетті. Олар қажетті шараларды қабылдап, өртті оқшаулады. Барлық жолаушы автобустан өздігінен шықты.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшесі өрт сөндіру оқпанын беріп, қайтадан тұтануды болдырмау үшін жану орнына су құю жұмыстарын жүргізді.