72 вокзал күрделі жөндеуден өтті

Бүгін, 13:30 / Túrkіstan IPW

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын абаттандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда бүкіл ел бойынша 124 вокзалды реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Вокзал инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуды көздейтін бастамаған Үкімет баса мән беріп отыр. Атап айтар болсақ, ғи­мараттар мен инженерлік желілерді жаңарту, платформалар мен вокзал маңын­дағы аумақтарды реконструкциялау, күту залдарын кеңейту, заманауи қауіпсіздік жүйелерін, лифтілер мен көтергіш құрыл­ғыларды орнату, сондай-ақ кедергісіз орта құру мақсат етіліп отыр. Ең қатты тозған ны­сандарда ескі ғимараттар толығымен бұ­зы­лып, орнына жаңа жолаушылар ке­шен­дері салынды.
2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша, Үкімет еліміздің 17 облысында 72 теміржол вокзалын реконструкциялауды аяқтады. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды пайдалануға беру жоспар­лану­да, 15 нысанда жұмыстар қыркүйек айы­ның соңына дейін бітеді.
Жалпы алғанда, 2026 жылы 124 вокзал­дың 121-ін реконструкциялау жоспар­лану­да. Тағы үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқ­талады. Олардың тарихи-архитектура­лық құндылығы бар, сондықтан жұмыстар ғимараттардың бастапқы сәулеттік кел­бе­тін сақтауға қойылатын талаптарды ескере отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Вокзалдарды жаңғырту инфрақұры­лым­ды артып келе жатқан жүктемеге бейім­деуге және ірі тораптық стансалармен қа­тар өңірлерде де жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Қабылданып жатқан іс-шаралар темір­жол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақ­сартуға және жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Теміржол тасымалын дамыту және вокзал­дарды жаңарту аясында жолаушылар саны көбейеді деп болжанып отыр. Бұл көлік тораптарына жүктемені арттырады және қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын сақтауды талап етеді. 
Қазір Ауыл, Белағаш, Қонаев, Ақкөл, Курорт-Боровое, Макинка, Шортанды, Ақ­қыстау, Ганюшкино, Риддер, Шемонаиха, Талдықорған, Қазақстан, Семиглавый Мар, Шың­ғырлау, Айса, Нұра, Қарағанды-Сұрып­тау жұп, Қарағанды-Сұрыптау тақ, Жаңа-Қарағанды, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Жаңақорған, Қазалы, Шиелі, Бозшакөл, Тайынша, Жаңаесіл, Саумалкөл, Теміртау, Жақсы, Қарасор, Шетпе, Жетісу, Сарыоба, Аршалы, Сарыбел, Дария, Мырза, Шамалған, Железорудный, Ұзынағаш, Сексеуіл, Сағыз, Доссор, Мақат, Ақадыр, Тимур, Арыс-2, Мойынты, Жалтыр, Державинск, Ереймен­тау, Еркіншілік, Өлеңті, Шалқар, Шұбар­құ­дық, Боранды, Көктұма, Ақши, Шідерті, Қалқаман, Манкент, Жаңаарқа, Қызылжар, Қаражал, Орал, Алтай, Күмістау, Арқалық, Түл­кібас вокзалдары пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта қалған вокзалдар күр­делі жөндеуден өтеді.

Тэгтер:

вокзал жөндеу