Ақтауда 80 жастағы ата-әжелер тойда тренд видео түсіріп, желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Анамды тойға апарып видио түсірген түрім ғой. Тағы 2 стол құрдастар бар. Әдемі қартаю бұйырсын», – деп жазды бейнежазбаны жариялаған желі қолданушысы Жұлдыз Ғанатова.
Көпшілік үлкен кісілердің құрдастарымен бірге көңілді отырғанын ерекше атап, ұзақ ғұмыр тіледі.
«Күлсең, кәріге күл дегені осы ғой», «Бізге де сіздердің жастарыңызды берсін,», «Бала шағамыздың ортасында құрдастарымызбен отыру –бір бақыт», «Жүз жасаңыздар!», «Әжелер әлі ширақ екен», «Видеоларды көріп, көзімнен жас тоқтамай жатыр», – деп жазды желі қолданушылары.