МИБ төрағасы Ұлдана Мырзуанның өліміне кінәлі деп танылған жоқ – Прокуратура

Бүгін, 11:27 / Алуа Арман
Ғаламтор

Кеше Астанада марқұм фельдшер Үлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды прокурорлар Нұрдәулет Абуов пен Саяжан Серікова жүзеге асырады.

Бас прокуратура МИБ төрағасының күдікті деп танылғанымен әлі кінәлі деп танылмағанын атап өтті.

«Істің барлық мән-жайы сот талқылауы барысында анықталып, сот тарапынан тиісті құқықтық баға беріледі. Сотталушының кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін ол кінәсіз болып саналады», - делінген Бас прокуратураның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, келесі сот отырысы дүйсенбі күні өтеді. Сот процесін Жоғарғы соттың YouTube эфирінен көруге болады.

Тэгтер:

жәбірленуші Ұлдана Мырзуан Әділет Зейнел МИБ төрағасы