«Заң мен тәртіп»: Павлодарда 1,5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Бүгін, 11:20 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара басталғалы 1408 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 18 фактісі, бұрын көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған 12 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар ұсақ бұзақылықтың 51 фактісі және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішумен байланысты 246 құқық бұзушылық тіркелді. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 404 адам орналастырылды.

- Мәселен, Павлодар қаласында Едіге би көшесінде полиция қызметкерлері Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің мас күйде болғаны медициналық куәландыру нәтижесінде расталды. Шідерті кентінің маңында Lexus RX200 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Құқық бұзушыларға қатысты қажетті материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

Тэгтер:

Павлодар Заң мен Тәртіп