Аңыз адам Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева кішкентайлы болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда Дінзухра кішкентайының ұл я қыз екенін ашып айтпаған. Көпшілік кішкентайға бауы берік болсын айтып, ақ жол тілеп жатыр.
Айта кетейік, Дінзухра Тілендиева әкесі Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері қызметін атқарады. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.