Оқу жылының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары облыстың Цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп, балалар жарақатының алдын алуға бағытталған тәрбиелік мәні бар мультфильм әзірледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл қысқаметражды мультфильм ата-аналар мен қоғамның назарын қауіпсіздік мәдениетін арттыру қажеттілігіне және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге аудару мақсатында әзірленді. Мультфильм балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленген. Қысқа әрі мазмұнды оқиға есте оңай сақталып, ең бастысы, балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйретеді.
Мультфильм Өскемен қаласындағы кинотеатрлардың бірінде фильм басталар алдында көрермендерге ұсынылды. Алдағы уақытта құтқарушылар оны балабақшалар мен мектептерде көрсететін болады.