Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылындағы жеке тұрғын үйлерде өрт шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ауыл ең жақын өрт сөндіру бекетінен шамамен 20 км қашықтықта орналасқан.
Бөлімшелер келген кезде Жастар алаңы көшесінде орналасқан екі екіпәтерлі тұрғын үйдің, шаруашылық құрылыстардың және үйлердің бірінің ауласында сақталған шөптің жанғаны анықталды.
Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы орган, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы органы уақытша тұру үшін тұрғын үй беруді ұйымдастыруда.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.