Алматы тауларында БАӘ азаматы адасып кеткен

Бүгін, 14:42 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Алматы тауларында бағытынан адасқан БАӘ азаматына құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен түні Алматы қаласының Медеу ауданында, 3020 метр биіктіктегі «Бүркіт ұясы» сарқырамасы маңында Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан түсіп келе жатып бағытынан адасқан БАӘ азаматына көмек көрсетті.

Құтқарушылар онымен байланыс орнатып, орналасқан жерін анықтады және оны қауіпсіз жерге аман-есен алып шықты.

Турист медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылар келгеннен кейін оны туыстары қарсы алды.

ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райы жағдайын ескеруді, жақындарыңызға жорықтың орны мен уақытын хабарлауды және белгіленген соқпақтардан шықпау қажеттігін ескертеді.