Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 млн теңге салған

Бүгін, 12:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды. Жария - маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.