Сот отырысында Әділет Зейнел некеге қашан тұрғанын мәлімдеді

Бүгін, 12:43 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бүгін Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысында бірінші болып жәбірленуші Әділет Зейнел жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайғылы оқиға болған кезде Ұлдана Мырзуан менің жұбайым болды. Ұлданамен 2025 жылдың қыркүйегінде некеге тұрдық. Ұлдананы өзім жұмыс істейтін №1 қалалық аурухананың бірінші қабатына, қабылдау бөліміне әкелген. Мен екінші қабаттан бірінші қабатқа түскенде қабылдау бөліміндегі дәрігерлер өз жұмыстарын істеп жатты. Ұлдананың киімін, әшекейлерін шешіп жатты. Ұлдананың басы қан болды. Басының қасында кішпіш, темір қалдықтары болды. Саусақтары қимылдады. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін есін жимады», – деді ол.

Сотта қойылған сұрақтарға жауап беру барысында Әділет Зейнел 2001 жылдың 5 тамызында дүниеге келгенін, Қосшы қаласында тұратынын айтты. Ал прокурордың отбасылық жағдайын нақтылауға қатысты сұрағына қазір үйленгенін, 2026 жылдың 13 тамызынан бері некеде екенін жеткізді.

 

 

Тэгтер:

сот отырысы неке фельдшер Ұлдана Мырзуан Әділет Зейнел