Танымал актриса Жанель Мақажан күйеуі актер Абай Асылханмен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазір өнер иесінің 4 баласы бар.
«Еріңе сенбе, екі босағада сен!» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін… 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен. Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көштім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін.
Кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! «Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса», дедім өзіме.
Қыздар, кешегі 19 жасар қаршадай қыздың тағдыры да бәрімізге ауыр тиді. Қыздың өмірлік мәні тұрмыс құру емес, өмір сүру. Бақытты өмір сүру. Ойларыңызбен бөлісе отырыңыз», - деп жазды ол.