Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 11:08 / Алуа Арман
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады , деп хабарлайды turkystan.kz.

– Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Тэгтер:

құттықтау жеделхат Мажарстан