Танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм болған ұлы Әлішерді есіне алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Әлішердің туған күні еді бүгін...», - деп жазған ол.
Әнші марқұмның туған күніне орай шелпек пісіріп, Құран бағыштаған.
Айта кетейік, Тамара Асардың өгей ұлы Әлішер Ақтөбе қаласына тойға барып, жол апатынан көз жұмған болатын.