Көкшетауда борышкерлерден 60 млн теңге алимент өндірілді

Бүгін, 09:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Көкшетау қаласының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласында азаматтардың, мемлекеттің және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 32 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 60 млн теңгеден астам алимент төндірілді. 

Сонымен қатар, 20 кәсіпорын қызметкерінің еңбек құқықтары қорғалды. 20,2 млн теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешек толық өтелді. 

Сот орындаушыларының қызметінде мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы қабылдамауға байланысты заң бұзушылықтар анықталды. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін 19 сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Прокуратура қабылдаған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға ықпал етті.

 

 

Тэгтер:

алимент Көкшетау борышкер