Семей тұрғыны суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Бүгін, 09:03 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Семейлік жаттықтырушы Тимур Рахимжанов Ертіс өзенінің жағалауында атпен серуендеп жүріп, көмекке шақырған дауысты естіген. Жағаға жақындағанда суға батып бара жатқан баланы байқап, ойланбастан өзенге түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаттықтырушы 7 жастағы баланы судан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген. Кейін оның ата-анасымен байланысып, баланы отбасына тапсырған.

Абай облысының ТЖД Тимур Рахимжановтың батылдығы мен жедел әрекетін атап өтіп, адам өмірін құтқарудағы ерлігіне жоғары баға берді.