Арыста жарылыс болды

Бүгін, 06:16 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"19 тамызда сағат 19:00 шамасында әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенді. Соның салдарынан бұған дейін жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагменті жарылды", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желіде таралып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.