Белгілі грузиялық әнші қазақ тілінде ән шырқап, желі қолданушыларын таңғалдырды

Бүгін, 23:00 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Грузиялық танымал әнші, "А’Студио" тобының солисі Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, тыңдармандарының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында "Jañbyrdan soñ" ("Жаңбырдан соң") деп аталатын жаңа әнінің үзіндісін жариялаған. Қысқа видео аз уақыт ішінде шамамен 800 мың қаралым жинаған.

Желі қолданушылары Кети Топурияның қазақ тілінде ән айтуына ерекше назар аударып, оның акцентін де жылы қабылдаған. Көпшілік жаңа композицияға қатысты түрлі пікір қалдырып, ән мәтінінің авторы кім екенін де болжаған.

"Қазақтар мен грузиндер – бауырлас халықтар", "Уау, қандай керемет ән", "Қазақ тілін грузин акцентімен есту ерекше екен", "Түсініксіздеу болғанымен, өте әдемі естіледі" деген пікірлер жазылған.

Тыңдармандардың кейбірі ән мәтінін "А’Студио" тобының негізін қалаушылардың бірі Байғали Серкебаев жазуы мүмкін деген болжам айтқан.

Әзірге "Jañbyrdan soñ" әнінің толық нұсқасы қашан жарық көретіні белгісіз.

Тэгтер:

Кети Топурия