Алтынай Жорабаева қызының жасауына қанша ақша жұмсағанын айтты

Бүгін, 21:11 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатқаннан кейін оның жасауына және жаңа шаңыраққа қажет бұйымдарға шамамен 100 млн теңге жұмсағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің құрбысы күйеу жігіттің әкесі жас жұбайларға көлемі 200 шаршы метр болатын пәтер сыйлағанын айтқан.

Осыдан кейін Алтынай Жорабаева қызының жаңа баспанасын толықтай жабдықтауға кіріскен. Үйге жиһаз, кілем, ыдыс-аяқ және тұрмысқа қажетті басқа да заттар алынған.

Қыз жасауына қымбат әшекейлер де кірген. Атап айтқанда, Van Cleef секілді брендтердің сырға, алқа және білезіктері алынғаны айтылды. Кейбір әшекейлердің бағасы 4-6 млн теңге шамасында болған.

Тэгтер:

видео Алтынай Жорабаева жасау