«24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде «Басты дебат – 2026» қорытынды пікірсайысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ел тарихында тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды пікірталастың ерекшелігі – бүгін пікірсайыс алаңына саяси жеті партияның төрағалары қатысады.
Негізгі тақырып – «Дамыған экономика – қуатты қоғам».
Жеті партияның көшбасшылары пікірсайыс алаңында осы тақырыпқа қатысты өз ұстанымдары мен ұсыныстарын ортаға салады.
Жеребе тарту рәсімі бойынша партия төрағаларының Басты дебатта сөз сөйлеу реттік нөмірі мынадай:
1️⃣ «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров
2️⃣ «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай
3️⃣ «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева
4️⃣ «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
5️⃣ «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов
6️⃣ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахимжанов
7️⃣ Қазақстан Халық партиясы партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов