Атырауда бала қауіпсіздігіне бейжай қарамаған тұрғын мен полицей марапатталды

Бүгін, 17:55 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан тұрғын Арман Вилориевич пен полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиевті алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 тамыз күні таңғы уақытта Атырау қаласындағы саябақта жалғыз жүрген 3 жастағы бүлдіршінді байқаған Арман Вилориевич жағдайға бейжай қарамай, дереу "102" арнасына хабар берген.

Ақпаратты алған полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиев оқиға орнына 10 минут ішінде жетіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көп ұзамай бүлдіршіннің анасы анықталып, бала аман-есен табысталды.

Департамент бастығы тұрғынның азаматтық жауапкершілігі мен полиция қызметкерінің жедел әрі кәсіби әрекетін жоғары бағалады. Бұл оқиға бала қауіпсіздігіне келгенде әрбір азаматтың қырағылығы мен дер кезінде қабылданған шешімнің маңызын көрсетті.