Доллар бағасы қымбаттады

Бүгін, 17:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығының құралдары бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,88 теңгеге өсіп, 462,22 теңгені құрады. Ұлттық банктің 19 тамызға белгілеген ресми бағамы 460,13 теңге деңгейінде.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 459,99 теңгеден сатып алынып, 466,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 533,00 теңгеге сатып, 543,00 теңгеге сатып алуға болады. Айырбастау орындары рубльді 5,25 теңгеден сатып алып, 5,55 теңгеден сатып жатыр.

Алматыда айырбастау пункттері АҚШ валютасын орта есеппен 461,88 теңгеден сатып алып, 464,00 теңгеден сатып жатыр. Еуро 533,43–538,64 теңге аралығында, ал рубль 5,26–5,41 теңге аралығында саудалануда.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 462,19 теңгеден сатып алынып, 464,19 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 533,17–538,13 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады, ал рубльдің бағамы 5,22–5,30 теңге шамасында.

18 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 460,13 теңгені құраған болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам