«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Оңтүстік өңірде жүр
«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Оңтүстік өңірде жүр
«Ордабасы құс» компаниясы – Еуразиялық экономикалық одақта орналасқан ең заманауи кешендердің бірі. Бұл Қазақстан мен орта Азия бойынша бірінші және әзірге жалғыз күркетауық өсіретін жоба болып табылады. Кешенде өндірілген өнімнің 40 % Еуроодақ елдеріне экспортталды. Кәсіпорынның ендігі жоспары – қоспа жем шығарумен айналысатын шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар және құс етін қайта өңдейтін кооперативтер кіретін аймақтық кластер құру. Алдағы уақытта мұнда аумағы 50 га құрайтын күркетауық өсіретін 25 құс қора құрылмақ. «Ордабасы құс» күркетауық жемін өзі тасып, ветеринарлық қызметті де өзі көрсетпек. Құс кешені өсірілген күркетауықтарды сатып алады. Осылайша, өсірілген күркетауықтардан 10 мың тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Кластер құру үшін тіпті жаңа ауыл құру ұсынылып отыр. Ондағы тұрғындар жоғары технологияға негізделген өндірісте жұмыс істейтін болады. Мұнан соң Тимур Құлыбаев ОҚО Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.