Семейде дзюдо бапкері Ертіске батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Бүгін, 16:35 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Озерки ауылының маңында сегіз жасар бала Ертіс өзеніне шомылып жүргенде қайғылы жағдай бола жаздады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баланы кенеттен қатты ағыс алып кеткен. Бала қатты айқайлап, оның дауысын жақын маңнан атпен өтіп бара жатқан семейлік дзюдо жаттықтырушысы Тимур Рахимжанов пен оның достары естіген. Алғашында салт аттылардың бірі суға батып бара жатқан балаға атпен жақындауға әрекеттенген, алайда судың тым терең әрі балдырлардың қалың болуына байланысты жануар әрі қарай жүре алмаған.

«Уақытты жоғалтпай, Тимур өзі суға секіріп, жүзіп барып балаға жетті. Кейін оны аман-есен жағаға алып шықты», – деп хабарлады құтқару оқиғасының куәгерлері.

Құтқарылған бала сегіз жасар жергілікті тұрғын Костя болып шықты. Жаттықтырушының батылдығы мен найзағайдай жылдам әрекетінің арқасында бала зардап шеккен жоқ.

 

Тэгтер:

Бала Семей дзюдо суға бату бапкер Ертіс шомылу