«Жасыра алмайсың»: Әнші Кәмшат Жолдыбаева баласы туралы сұраққа жауап берді

Бүгін, 14:57 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева жеке өміріне қатысты сауалға жауап беріп, ана атанғаны туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі отбасы мүшелерінің жеке өмірін жария етуді жөн көрмейтінін айтып, болашақта балалары өздері қаласа, көпшілікке танылуына қарсы емес екенін жеткізді.

«Қазір нәзік ару қызымыз бар. Мен жеке өмірімді жария ете бермейтінмін. Отбасым – алтын қазынам. Жолдасымның да ұстанымы дәл осындай. Уақыты келіп, болашақта бала-шағамыз өздері танымал болуды қалап жатса, «Бізді де білсін, көрсін» десе, ол – өздерінің құқығы. Сондай жасқа жеткенде, оны да жасыра алмайсың деп санаймын», – деді әнші «Оян» бағдарламасына берген сұхбатында.

Тэгтер:

Кәмшат Жолдыбаева