TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды (ВИДЕО)

Бүгін, 12:22 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қызылорда облысында TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөздер айтқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғыны Қуаныш Олжабаевты анықтады.

Құқық бұзушылық жасаған кезде ол алкогольдік масаң күйде болған.

Сот шешімімен Қуаныш Олжабаев ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Қазір ер адам сот тағайындаған жазасын өтеуде. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптерден тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыстар жасауда.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: Интернет — заңсыздыққа жол беретін кеңістік емес. Тікелей эфир жауапкершіліктен босатпайды. Құқыққа қайшы әрекет қай жерде жасалса да, көшеде немесе әлеуметтік желіде — заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады.