Түркістан облысында тұрғын үйге жылан кіріп кеткен

Бүгін, 09:38 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Бүгін 112 пультіне Түркістан облысы Леңгір қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Арнайы жылан аулау құралдарының көмегімен бауырымен жорғалаушыны қауіпсіз ұстап, тұрғын үйден алып шықты.
Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: жылан байқалған жағдайда оған жақындамаңыз және бауырымен жорғалаушыны өздігінізден ұстауға немесе қууға тырыспаңыз. Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.