Қазыбек Қалмағамбетов күрестен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Бүгін, 08:04 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазыбек Қалмағамбетов күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир Словакия астанасы Братиславада өтіп жатыр. Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қалмағамбетов финалға дейін төрт балуанды жеңді.

Шешуші белдесуде оның қарсыласы беларусьтік Михаил Марковский болды. Тартысты кездесу 13:7 есебімен қазақ балуанының жеңісімен аяқталды.

Таким образом, 19-летний Калмагамбетов стал чемпионом мира в возрастной категории до 20 лет. Его золото - первая награда сборной Казахстана на нынешнем турнире.

Осылайша, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл алтын медаль – Қазақстан құрамасының осы турнирдегі алғашқы жүлдесі.

Сәрсенбі, 19 тамызда, жұбаныш белдесулері арқылы Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін) пен Динара Дауылқызы (53 келіге дейін) қола жүлде үшін таласады.