Сот Әділет Зейнелдің жәбірленуші болудан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмады

Бүгін, 20:36 / Жамбыл Жайлау
youtube.com/@JogargySot

Сот марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуінің өзін жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шешімді судья Меруерт Абаева жариялады.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның күйеуі соттан өзін жәбірленуші мәртебесінен босатуды сұраған еді. Алайда өтінішті қарағаннан кейін сот оны қанағаттандырудан бас тартты.

"Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, жәбірленуші Зейнелдің өкілінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұл өтінішпен негізгі сот талқылауы барысында жәбірленушіден жауап алынғаннан кейін қайта жүгінуге құқылы екені түсіндірілді", – деді судья Меруерт Абаева.

Тэгтер:

Сот Ұлдана Мырзуан