Қаза болған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Ешенқұлова сотта ешкімге нақты жаза тағайындауды талап етпейтінін және шешімнің тек заң аясында қабылдануын қалайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Менің талабым – әділдік орнасын. Мен тіпті ешкімге қандай жаза берілетіні туралы айтқым келмейді. Шешім әділ болсын. Барлығы заң аясында шешілсін, – деді ол.
Ұлдана Мырзуанның анасы Әділеттің жәбірленуші мәртебесінен бас тартатынын онымен жеке талқыламағанын жеткізді.
Сонымен бірге марқұмның анасы оның бұл шешімін оң қабылдайтынын айтты.
– Мен бұған жақсы қараймын. Меніңше, бұл моральдық тұрғыдан дұрыс шешім болады, – деді ол.