Ертіс өзенінде 4 күн бұрын батып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 17:23 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында Ертіс өзенінде батып кеткен ер адамның денесі төрт күндік іздеу жұмыстарынан кейін табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы хабар 15 тамызда түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 1979 жылы туған ер адам Павлодар ауданының Сычевка ауылы маңында шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен.

Іздеу жұмыстары 18 тамызға дейін жалғасты. Құтқарушылар қайық, эхолот және сүңгуірлерге арналған жабдықтарды пайдаланып, өзеннің жекелеген учаскелері мен жағалау сызығын тексерді.

«Төрт күндік іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар қайықпен Ертіс өзенінің оң және сол жағалауының 83 шақырымын зерттеді. Эхолоттың көмегімен су айдынының 16 900 шаршы метрі тексерілді. Жаяу 10 шақырым жағалау сызығы жүріп өтілді. Сүңгуірлер 34 нүктелік сүңгу жасап, өзен түбінің 3 400 шаршы метрін зерттеді. Іздеу жұмыстарына 4 құтқарушы, бір техника бірлігі және ОСО жүзу құралы жұмылдырылды», – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.

18 тамызда ер адамның денесі Сычевка ауылы маңынан табылды.

Тэгтер:

Павлодар облысы суға бату Ертіс