Бүгін Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта Әділет Зейнелдің адвокаты Мұрат Мауметов Әділеттің жәбірленуші мәртебесінен бас тартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Әділет Зейнел соттың келесі отырыстарына қатыспайды.
«Әділет анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартады», – деді Мұрат Мауметов.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлдананың анасы Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тартуын сұраған болатын.
Сондай-ақ адвокаттың айтуынша, Әділет Зейнел тарапынан мүліктік және басқа да даулар болмайды. Ал марқұмның бұрынғы күйеуі түсініктеме беруден бас тартты.