«Байтақ» партиясының үміткерлері Хромтау ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 23:00 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы өңірдегі үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жолы «Байтақ» партиясының белсенділері Хромтау ауданы көшесін аралап, тұрғындармен тілдесті.

Еріктілер аудан халқымен ашық диалог орнатып, экология, қоршаған ортаны қорғау сынды елді алаңдатқан өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тұрғындар да үнсіз қалмады. Ұсыныс-тілектері айтып, шешу жолдарын талқылады.

«Байтақ» партиясының өкілдері мұндай кездесулердің маңызды екенін айтады.

Жергілікті халықтың пікірін естіп, нақты мәселелерді анықтау сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі, – дейді.

Хромтау ауданындағы белсенділер сайлауалды науқан аяқталғанша тұрғындармен тікелей байланысты жалғастыра бермек.

 

Тэгтер:

сайлау Хромтау Құрылтай кандидат Байтақ партиясы