Өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд теңге бөлінді – Үкімет

Бүгін, 16:59 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда. Қайтарылған қаражат халықтың аса қажетті әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталуда. Осы қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйелері салынып, жаңғыртылуда, мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, спорт нысандары және көлік инфрақұрылымы салынуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінде Қазақстанға негізінен ақшалай нысанда 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Бұл қаражат инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды дамыту қажет өңірлердегі нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.

Қайтарылған қаражат Арнаулы мемлекеттік қор арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде жалпы сомасы 617,7 млрд теңгеден асатын 500-ден астам жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Қайтарылған активтердің қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға қалай ықпал етіп жатқаны туралы толығырақ Primeminister.kz редакциясының шолу материалынан оқи аласыздар.