Атырауда саябақтан 3 жастағы жалаңаш бала табылды (ВИДЕО)

Бүгін, 14:18 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырауда үш жасар бүлдіршін таңертең ертемен көшеде ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 16 тамыз күні сағат 07:25 шамасында қаладағы саябақтардың бірінде болды. Өтіп бара жатқан тұрғын кішкентай баланың қасында ата-анасы немесе басқа да ересектердің жоқ екенін байқайды. Баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін түсінген ол бөгде адам дереу 102 нөмірі арқылы полиция шақыртқан.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері бүлдіршінді аман-есен тауып алып, оның отбасын іздеуге кірісті. Көп ұзамай тәртіп сақшылары анасының аты-жөнін анықтап, баланы ата-анасына аман-есен табыстады.

Полиция өкілдері ата-аналарға кішкентай балаларды тіпті аз уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды көшеде жалғыз жүрген баланы байқаған жағдайда бейжай қарамауға және дереу 102 пультіне хабарлауға шақырады.