Әйгілі тревел блогер Джо Хаттабтың Қазақстанға сапары туралы фильмі жарық көрді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеода еліміздің табиғаты, мәдениеті мен заманауи келбеті ерекше форматта көрсетілген.
Түсірілімге қазақстандық тревел блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) және америкалық блогер MegaAmerican да қатысқан. Youtube желсіне жүктелген 36 минуттық фильмді бір тәулікте 2 миллион 600 мың адам қараған.
Фильм 19 тілге дыбысталып аударылған. Сондықтан көрермендер өз тілінде тыңдап, көруге мүмкіндік бар.