АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қазақстанды саяхатшылар үшін қауіпсіз елдердің қатарына кіріктірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Travel Advisory жүйесінде 4 деңгей бар:
1-деңгей – Қалыпты сақтық шараларын сақтаңыз
2-деңгей – Сақтық шараларын күшейтіңіз
3-деңгей – Сапардан бас тартуды қарастырыңыз
4-деңгей – Сапарға бармаңыз
Бұл деңгейлер АҚШ азаматтарына шетелдегі қауіпсіздік пен қауіп-қатерлер туралы ақпарат береді.
Level 1 (көк) – Қалыпты сақтық шараларын сақтау
Ең төменгі деңгей. Қауіп-қатерлер кез келген шетелдік сапар кезіндегідей қалыпты деңгейде.
Қазақстанмен бірге бұл топқа Австралия, Аустрия, Канада, Жапония, Швейцария, Жаңа Зеландия, Португалия, Оңтүстік Корея, Польша, Норвегия, Финляндия, Ирландия, Грекия, Мажарстан, Болгария, Румыния, Словакия, Словения және басқа да бірқатар мемлекет кіреді.
Level 2 (сары) – Сақтық шараларын күшейту
Нақты қауіптер бар (терроризм, қылмыс, тәртіпсіздіктер).
Бұл санатқа танымал еуропалық бағыттардың басым бөлігі кіреді: Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Испания, Бельгия, Нидерланды, Швеция.
Level 3 (қызғылт сары) – Сапардан бас тартуды қарастыру
Елеулі қауіптер бар. АҚШ Мемдепартаменті сапардың қажеттілігін мұқият саралауға кеңес береді.
Level 4 (қызыл) – Сапарға шықпау
Ең жоғары деңгей. Өмірге қауіп төнеді.
Қызыл аймаққа, атап айтқанда: Ресей, Украина, Беларусь, Ауғанстан, Иран, Сирия, Ирак, Йемен, Ливия, Сомали және басқа да бірқатар ел кіреді.
Бұл әлемдік қауіпсіздік рейтингі және барлық туристерге арналған баға емес. Бұл – тек АҚШ азаматтарына арналған ұсынымдар. Соған қарамастан, бұл бағалау белгілі бір деңгейде көрсеткіш бола алады. Қазақстан Жапония, Швейцария, Канада және Аустралия сияқты дәстүрлі түрде саяхаттау үшін тыныш әрі қауіп-қатері болжамды елдер саналатын мемлекеттермен бір топта тұр. Ал миллиондаған турист баратын көптеген еуропалық мемлекеттер сақтық деңгейі жоғарырақ санатқа енгізілген.
АҚШ Мемдепартаментінің бағалауы бойынша, Қазақстан еш алаңдамай-ақ сапарлауға болатын тыныш, тұрақты әрі қонақжай бағыт саналады.