Астана дін бойынша бақылауды күшейтпек
Астана дін бойынша бақылауды күшейтпек
Астанада бүгін үкімет отырысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған концепциясының жобасы таныстырылды. Жобада дін саласындағы заңнаманы жетілдіру шаралары және "мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру" қарастырылған.
Концепция жобасын таныстырған дін және және азаматтық қоғам істері жөніндегі министр Нұрлан Ермекбаев мемлекеттің зайырлылығы дегенді "мемлекеттің діни саладағы жағдайға мүлдем араласпай, сырттан бақылап отыру" деп түсінудің дұрыс емес екені көрінгенін айтты.
"Концепция бойынша, зайырлы мемлекет ар-ұждан бостандығына жағдай жасайды, діни бірлестіктердің канондық мәселелеріне және ішкі істеріне килікпейді" деген Ермекбаев мемлекет діни бірлестіктердің қоғамдық қызметін реттеп, олардың заңды орындауын қадағалауы қажет екенін айтты.
Министрдің сөзінше, ұсынылған басым бағыттар елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Ал бұл концепция аясындағы шараларды іске асыру үшін тіркелген діни бірлестіктер мен азаматтық қоғамның мемлекеттік органдармен тығыз өзара жұмыс істесуі керек.