Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тұрып қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 23:36 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Қарағандыда Mercedes автокөлігі теміржол өткелінің үстінде тоқтап қалып, жол қозғалысына қатысушылар мен теміржол қызметкерлері оны рельстен итеріп шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қолданушылардың назарын аударды. Кадрлардан бірнеше ер адамның бірлесіп әрекет етіп, көлікті қауіпсіз жерге шығаруға көмектескенін көруге болады.

eKaraganda Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 13 тамыз күні сағат 17:06 шамасында Майқұдықтағы реттелетін теміржол өткелінде болған.

«ҚТЖ» ақпараты бойынша, Mercedes өткел үстінде кенеттен тоқтап қалған. Жүргізушіге сол маңдағы басқа көлік иелері мен теміржолшылар көмекке келген.

Нәтижесінде сағат 17:10-да автомобиль рельстен толық шығарылған.

Компания өкілдері өткелдегі дабыл жүйелерінің қалыпты жұмыс істегенін хабарлады. Оқиға салдарынан пойыздар қозғалысы кешікпеген және зардап шеккендер болмаған.