Қазақстан Халық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Әлімбек Ағибаев пен Евгений Миронов, Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Райхан Жақыпова және Қазақстан Халық партиясының белсендісі Вячеслав Починок «Транстелеком» АҚ облыстық филиалының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. ҚХП өкілдері цифрлық инфрақұрылымды дамыту, телекоммуникация саласының мамандары үшін еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыс орындарын сақтау және саланың технологиялық әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
«Транстелеком» АҚ – Қазақстандағы ірі байланыс операторлары мен жүйелік интеграторлардың бірі. Компанияның негізгі қызмет бағыттарына телекоммуникация, цифрландыру, IT шешімдер, киберқауіпсіздік және түрлі салаларды автоматтандыру жатады.
Қазақстан Халық партиясының өкілдері цифрлық технологиялардың экономиканың түрлі салаларындағы маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, білікті мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау және заманауи технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Әлімбек Ағибаев пен Евгений Миронов кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, цифрландыру және еңбек қатынастарына қатысты сауалдарға жауап берді.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, цифрлық инфрақұрылымның дамуы, еңбек жағдайы және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері айтылған пікірлерді тыңдап, оларды алдағы жұмыс барысында ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты қосымша түсіндірмелер берілді. Қатысушылар өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізіп, кандидаттарға алдағы жұмыста ескеруге арналған аманаттарын білдірді.
Қазақстан Халық партиясы еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер барысында азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау және ұсыныстарды жинақтау жұмысын жүргізіп келеді.