Әнші Мөлдір Әуелбекова эфирлерден тыс қалуына қатысты пікір білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Эфирден тыс қалсам да, халықтың жүрегінде болғаным – мен үшін ең үлкен құрмет», – деді ол.
Бұған дейін әнші әрі сазгер Ұшқын Жамалбек өзінің концертінен Мөлдір Әуелбекованың өнер көрсетуі қиылып қалғанын айтып, оның себебін түсінбейтінін жеткізген еді.
«Мөлдір Әуелбекованы орамал таққаны үшін менің концертімнен қиып тастаған ба? Өзім түсінбей отырмын. Концерттің толық нұсқасын кім көрді?» – деді өнер иесі.
Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекованың «МузАРТ Fest» концертінде де өнер көрсеткенін, алайда оның теледидардан көрсетілген нұсқасында болмағанын жазып жатыр.