ЖСДП өкілдері Алатау қаласының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады

Бүгін, 22:30 / Алуа Арман
ЖСДП сайты

ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы болашақтың қаласы Алатаудағы Еңбек шағынауданына барып, тұрғындармен кездесті. Бұл аумақ бұған дейін Жетіген кентіне жақын орналасқан ауыл ретінде белгілі болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үгіт-насихат науқаны аясында ЖСДП өкілдері шағынаудан тұрғындарымен жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады.

«Дауыс беруге тура бір апта қалды. 22 тамыз – тыныштық күні, ал 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді», - деді ЖСДП өкілдері.

ЖСДП кандидаттарымен кездесуде талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – білім беру саласы болды. Атап айтқанда, ауыл мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдерге берілетін 25 пайыздық үстемеақының алынып тасталуы мәселесі талқыланды. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, назар аударуды және шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар ЖСДП үміткерлерімен кездесуге қатысушылар қазіргі саяси аренадағы саяси партиялардың рөлі мен қызметі туралы өз пікірлерін білдіріп, не күтетіндерін айтты және ЖСДП өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Өз кезегінде ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының өкілдері ЖСДП-ның қызметі, ұстанымы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ЖСДП-ның ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын таратты.

ЖСДП тұрғындармен кездесуді, олардың пікірін тыңдауды және халықты толғандыратын өзекті мәселелерді көтеруді жалғастыруда.

 

 

 

Тэгтер:

сайлау үміткер Құрылтай кандидат ЖСДП