Қайғылы оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Кәмелетке толмаған баланың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
— Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады Қарағанды облысының полициясы.
Жазатайым оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Мәліметке сәйкес, жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен қатты желден бес жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлаған.
Дәрігерлер зардап шеккен балаға барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.