Астанада Құрылтай сайлауы өтетін күні автобуста жүру тегін болады

Бүгін, 11:49 / Інжу Әлихан
City Transportation Systems

23 тамызда Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:

- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;

- қалалық бағдарларда;

- экспресс-бағдарларда;

- қала маңы бағдарларында.

Бұл іс-шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Тэгтер:

Автобус тегін Құрылтай сайлауы 23 тамыз